20
февраль
2026
8 наурыз мерекесі
20 ақпан күні мектепте кезектен тыс жиналыс өткізілді.
Жиналыстың мақсаты – алдағы 8 наурыз мерекесіне орай сыйлық беру және алу мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне заң талаптарын сақтау жөнінде нақты нұсқаулық беру болды.
Жиналыста білім беру ұйымдарында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ата-аналар тарапынан мұғалімдерге ақшалай немесе заттай сыйлықтар беруге жол бермеу мәселелері қарастырылды. ДТІЖО: Ж.Едилова мұғалімдерге 8 наурыз мерекесіне байланысты қандай да бір сыйлықтарды (ақшалай қаражат, бағалы заттар, сертификаттар, гүл шоқтарынан басқа материалдық құндылығы бар сыйлықтар және т.б.) қабылдауға болмайтыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, сыйлықты берген тұлға да, оны қабылдаған тұлға да заң алдында жауапты болатыны түсіндірілді. Мектеп ұжымына мерекелік құттықтауларды тек ізгі тілектер, алғыс хаттар немесе балалардың шығармашылық жұмыстары түрінде ұйымдастыру ұсынылды.
Мектеп директоры Ж.Тұрсынов ұстаз мәртебесін сақтау, қоғам сенімін нығайту және заң талаптарын қатаң орындау – әр педагогтың міндеті екенін атап өтті.