22
декабрь
2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
2025 жылдың 22 желтоқсан күні Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте педагогтер мен ата-аналардың қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №2249 хаты негізінде Жаңа жыл мерекесіне байланысты білім алушылар, ата-аналар және педагогтер арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, мектепте жаңа жылдық безендіруге және сыйлықтарға ақша жинауға жол берілмейтіні туралы нақты айтылды. Сонымен қатар, Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралардың 2025 жылдың 25–26 желтоқсан аралығында тек мектеп қабырғасында өткізілетіні, сондай-ақ мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру барысында аниматорларды, мерекелік қызмет түрлерін тартуға және қосымша қаржы жұмсауға тыйым салынатыны түсіндірілді.Сынып жетекшілер ата - аналарға ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша мәлімет берді.
Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қабылданған талаптар мен ережелердің орындалуы барлық қатысушыларға міндеттелді.
Бүгін ата-аналар жиналысы әр сынып бойынша өткізілді.
Бастауыш сынып 1-4 сыныптар арасында, 9-11 сыныптар арасында және 5- 7 сыныптар арасында ұйымдастырылып өткізілді.