Бірінші сыныпқа оқушылардың құжаттарын қабылдау жалғасуда » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бірінші сыныпқа оқушылардың құжаттарын қабылдау жалғасуда
30
май
2023

Бірінші сыныпқа оқушылардың құжаттарын қабылдау жалғасуда


Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі
1 сыныпқа   құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 
1 тамызға дейін жалғасады.
2023-2024 оқу жылында 1 сыныпқа болжаммен 16 оқушы келеді деп күтілуде. Бүгінде 16 оқушының құжаттары қабылданды.
Бірінші сыныпқа қабылдау үрдісі білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Құжаттарды қабылдау екі тәсілде  жүзеге асырылады 
1) "электрондық үкімет" веб-порталы egov.kz,  
2) қағаз түрінде 
Қажетті құжаттар тізімі:
 ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің   өтініші;
 жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
 «Бала денсаулығы паспорты» № 026/у есеп нысаны және 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама;
 баланың  3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi (2дана).
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады
        Ата-аналардан құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.
Қосымша сұрақтар бойынша 8(72632)5-44-57; 4-40-19, 87084558238 номерлеріне хабарласа аласыздар!
Жұмыс кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.