Бірінші сыныптың құжатын қабылдау » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бірінші сыныптың құжатын қабылдау
05
апрель
2022

Бірінші сыныптың құжатын қабылдау



Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебі

Мектепте наурыз айының 30-ы күні бірінші сыныпқа келетін білім алушылардың ата-аналарымен «Бастауыш ,негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың қағидалары» бойынша және 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізілетіні туралы түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында жиналыс болып өтті.
Бірінші сыныптың құжатын қабылдау 2022 жылдың 1-сәуірінде басталып,1-тамызға дейін жалғасатыны туралы,2022жылдың 1-сәуірінен бастап,мектепте 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үрдісі басталатыны,білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып,алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдау қамтамасыз етілетіндігі ,мектеп бойынша 1-сыныпқа болжаммен 17 бала қабылданатындығын,құжаттарды қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылатынын,яғни,1) «электрондық үкімет"веб-порталы egov 2)қағаз түрінде екенін ,1-сыныпқа балаларды қабылдау үшін қандай құжаттар қажет екендігін,ата-аналардың осы қажет мәліметтерді толық меңгеріп,қолжетмділік жағдай жасалатындығы айтылды.
Жаңа 2022-2023 оқу жылында 1-сыныпқа 1-қыркүйекте алты жасқа толған және ата –аналардың тілегі бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балалар қабылданатынын, алты жастағы балаларды даму деңгейіне қарай ағымдағы жылы 1-сыныпқа беру немесе бермеу мәселесін ата-аналардың өздері шешуге құқылы екендігі және білім беру ұйымдарының ата-аналардан алты жасқа балаларды міндетті түрде 1-сыныпқа беруге талап қоюға құқылы емес екендігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. .