Мереке күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мереке күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
06
май
2026

Мереке күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

“Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 6 мамырдағы №798 хатына сәйкес демалыс және мереке күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мұғалімдермен жиналыс өтті. Жиналыста мектеп директоры Ж.Тұрсынов 9-10-11 мамыр мереке күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылық алдын алу мақсатында ата-аналар мен білім алушылармен төмендегі ақпараттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сынып жетекшілер тарапынан 1-11 сынып білім алушыларымен:
✅ Мереке күндері денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін сақтау
✅ сыныптастары мен табиғат аясына саяхаттауға, түнгі уақытта туған күн тойлап, түрлі отырыстар ұйымдастыруына болмайтындығы;
✅балалардың түнгі уақытта (сағат 22.00 ден кейін) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруіне жол бермеу;
✅өрт, су, жол қауіпсіздігін сақтау
✅кәмелетке толмаған балалардың көлік, мопед, электроскутер жүргізуіне тыйым салынатындығы туралы түсіндіру керектігі тапсырылды.
БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ ЕКЕНДІГІН ҰМЫТПАЙЫҚ