19
декабрь
2024
Б.Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің бейіндік пәндер бойынша атқарылған жұмыстар
19 желтоқсан күні 10 сыныпта пән мұғалімі Н.Досалиева «Жергілікті, жаһандық және мәдени маңызды мәселелерді зерттеу» бөлімі бойынша «Жердің ластануы» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Жердің ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын талқылап, жердің ластану деңгейін зерттеуде тұжырым жасау.
Білім алушылардың бойына құндылықтарды дарыту мақсатында өзіне қажетті білім алу кезінде білімнің қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу. Сабақта «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі, топтық жұмыстар, талдау сұрағы, «Кері дизайн» әдісі қолданылды.