10
февраль
2025
Б.Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің бейіндік пәндер бойынша атқарылған жұмыстар
3D модельдеу курсының тапсырмалары білім алушылардың визуалды бағдарламалау дағдыларын қалыптастырады, жеке дамуын жүзеге асыру үшін қолайлы шарттар құрады. Визулды бағдарламалау, робототехникалық құралдарды жинау және бағдарламалау дағдыларын қалыптастырады. Курс барысында ұсынылған тақырыптар аясында шығармашылық жұмыстар орындалды. Атап айтқанда 10 ақпан күні 11 сынып білім алушылары Ж.Жақыпбек «Өзім туралы үздік жаңалық», М.Ермек «Біздің ауыл», А.Нүсіпбек «Біздің саябақ» тақырыбында шығармашылық жұмыстар қорғады. Бұл жобалардың негізгі мақсаты –жаңғырту, жетілдіру, тазарту, жақсарту, жөндеу. Күтілетін нәтижелер өз бетімен жаңа білімді қабылдап, әрі қарай оқу, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды зерттеуге тарту. Тәжірибелік тапсырмалар балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін, жобаларды құру шеберліктерін, гипотезаны жылжытуды дамытуға көмектеседі.
