29
ноябрь
2024
"Діни экстремизм мен терроризмге қарсы сақтану іс - әрекеттерін қалыптастыру
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 26 қараша күні мектеп директоры Г.С Шаймерденова «Терроризм қауымға төнген қауіп» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын өткізілді және мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ж.Едилова балалар үшін қауіпсіз және жайлы ортасын қалыптастыру және терористік сипаттағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында мектеп қызметкерлері және білім алушылар арасында «Терроризм туралы не білу керек?» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. "Діни экстремизм мен терроризмге қарсы сақтану іс - әрекеттерін қалыптастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу жаттығуларын өткізу, апатты жағдайлардан қорғау мақсатында терроризмге қарсы жаттығу кезіндегі білім алушылар мен мұғалімдердің мектептегі іс - әрекеттері" тақырыбында түсіндіру жұмыстары және оқу жаттығуы өткізілді.