26
май
2026
"Білімім-Отаныма", "Заң және тәртіп " тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Білімім-Отаныма" "Заң және тәртіп"
Дәйексөзі:
«Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.Білімді ұрпақтың ел болашағы екенін ұғындыру.
Отанын сүйетін, елінің дамуына үлес қосатын саналы азамат тәрбиелеу.
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілікке баулу.
Сабақтың барысы:
Сабақ барысында оқушылар білімнің адам өміріндегі рөлі туралы ой бөлісті.Еліміздің дамуына үлес қосқан білімді тұлғалар туралы айтылып, оқушылардың болашақ мамандықтары жайлы пікірлері тыңдалды.
Топтық және шығармашылық тапсырмалар орындалып, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтылды.
Оқушылар өздерінің жақсы білім алып, болашақта еліне қызмет еткісі келетіндерін жеткізді.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар білімнің маңызын түсінеді;
- Отанға деген сүйіспеншілігі артады;
- Білім алуға ынтасы қалыптасады;
- Болашаққа мақсат қоя білуге үйренеді.