«4-ақпан – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» тақырыбында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «4-ақпан – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» тақырыбында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»
02
февраль
2026

«4-ақпан – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» тақырыбында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»

         2025–2026 оқу жылы барысында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында 4-сынып оқушыларымен бастауыш сынып мұғалімі Балабекова Ж.С. 4-сынып білім алушыларымен «4-ақпан – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» тақырыбында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» атты тәрбие сағатын өткізді.

Сабақ барысында оқушыларға саналы цифрлық қолданушы болу, интернеттегі қауіпсіздік ережелері, жасанды интеллект мүмкіндіктері туралы ақпарат беріліп, практикалық дағдылар қалыптастырылды. Қауіпсіздік сабағы барысында оқушылар ата-аналардың дауыстарымен қоңырау шалу тәжірибесі арқылы өз қауіпсіздігін қорғауды үйренді.

Сабақта «Smart bala» жобасының материалдары пайдаланылып, оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалар жүргізілді.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсінеді;
  • Жасанды интеллект мүмкіндіктерін дұрыс қолдануды үйренеді;
  • Ата-аналармен қарым-қатынас жасап, саналы әрекет жасауға дағдыланады;
  • Цифрлық әлемде өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

Кері байланыс:
 
Сабақ соңында оқушылар өз алған білімдерін қорытындылап, тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы қауіпсіздік дағдыларын көрсетті.

Бағалау:
 
Қатысу белсенділігі, тапсырмаларға қатысуы және өз пікірін білдіруі қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланды. Оқушыларға ауызша кері байланыс беріліп, ынталандырылды.

Қорытынды:
 
Сынып сағаты өз мақсатына жетіп, оқушылардың интернеттегі қауіпсіздікке деген түсінігі нығайды. Оқушылар цифрлық ортада жауапты және саналы әрекет жасауға үйреніп, ақпараттық сауаттылық дағдыларын көрсетті. Сабақ тәрбиелік, білімдік және практикалық мәні жоғары деңгейде өтті.