«Адал ұрпақ – жарқын болашақ» » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал ұрпақ – жарқын болашақ»
09
февраль
2026

«Адал ұрпақ – жарқын болашақ»

2026 жылғы 09 ақпанда бастауыш сынып мұғалімі Балабекова Ж.С. 4-сынып білім алушыларымен «Адал ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Сынып сағаты барысында оқушыларға адал ұрпақ ұғымы түсіндіріліп, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы ашылды. Сонымен қатар «Көшедегі қауіпсіз ойындар» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізіліп, көшеде ойнау кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері туралы түсінік қалыптастырылды.

Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларды жауапты, саналы, адал азамат етіп тәрбиелеу, өмірлік маңызды қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру болды.

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру және ақпаратты тиімді жеткізу мақсатында жасанды интеллект құралдарының көмегімен дайындалған интерактивті тапсырмалар мен көрнекі материалдар қолданылды.

Сабақта «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылығы насихатталып, аптаның дәйексөзі «Шығармашыл бала – ойлы бала» негізге алынды.

Сынып сағаты өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.