«Көңілді старт» спорттық жарыс
2025 жылғы 14 қаңтар күні Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып оқушылары арасында «Көңілді старт» тақырыбында спорттық жарыс өткізілді. Аталған іс-шараны дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Көбейбаев Азамат ұйымдастырып, өткізді.
Спорттық жарыстың мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту, ептілікке, жылдамдыққа, төзімділікке және командалық ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жарыс барысында оқушылар бірнеше эстафеталық ойын түрлері бойынша сайысқа түсті. Атап айтқанда, доппен жүгіру, кедергілерден өту, секіру, жылдамдық пен дәлдікті талап ететін тапсырмалар орындалды. Оқушылар өз командаларын қолдап, бір-біріне қолдау көрсетіп, жоғары белсенділік танытты.
Сайыс барысында қауіпсіздік ережелері сақталып, жарыс достық атмосферада өтті. Қатысушылардың көңіл күйі көтеріліп, спортқа деген қызығушылықтары артты.
Жарыс соңында белсенді қатысқан командалар мен оқушылар марапатталып, алғыс сөздер айтылды. Іс-шара оқушылардың денсаулығын нығайтуға, ұжымдық бірлікті қалыптастыруға және бос уақытын тиімді өткізуге зор ықпал етті.