«Көңілді старт» атты спорттық-ойын » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Көңілді старт» атты спорттық-ойын
02
июнь
2025

«Көңілді старт» атты спорттық-ойын

Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 

2025 жылдың 02- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің ашылуына байланысты бастауыш сыныптың дене шынықтыру пәні мұғалімі, мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында өткізген «Көңілді старт» атты спорттық-ойындық іс-шараны сәтті ұйымдастырып, жоғары деңгейде  өткізді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылығын ояту, достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Шара барысында балалар түрлі спорттық эстафеталарға, көңілді жарыстарға қатысып, белсенділік пен ынтымақтастық танытты. Мұғалім іс-шараны қызықты әрі қауіпсіз етіп ұйымдастыра білді, барлық оқушының қатысуына мүмкіндік жасалды. «Көңілді старт» ойыны балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге және салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты.