Ән айту, сахна мәдениеті туралы кеңес беру » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ән айту, сахна мәдениеті туралы кеңес беру
03
июнь
2025

Ән айту, сахна мәдениеті туралы кеңес беру

Тақырыбы:    Ән айту, сахна мәдениеті туралы кеңес беру 

Күні:03.06.2025 жыл

Өткізілген орны:  акт залы

Түрі: Кеңес беру

Қатысушылар: Оқушылар

Ұйымдастырушы: музыка пән мұғалімі Акимбаев Досжан 

 Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 

03- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің ашылуына байланысты 

Ән айту, сахна мәдениеті туралы кеңес беру атты тақырыбында іс-шара өткізілді.

Мақсаты:
 Бастауыш сынып оқушыларына ән айту мәдениетін, дұрыс дауыс қолдануды, сахнада өзін-өзі ұстау әдебін үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сахна өнеріне қызығушылықтарын арттыру. 

Іс-шара мазмұны:
 Іс-шара барысында оқушылармен көңілді әрі тартымды түрде ән айту ережелері, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы әңгіме жүргізілді. Мұғалім оқушыларға тыныс алу жаттығуларын көрсетіп, ән айтуға арналған жылыту жаттығуларын бірге орындады. Балалар қарапайым әндер орындап, өздерінің дауыс ерекшеліктерін байқап көрді.

Сахнада тұру, көрерменге дұрыс қарау, қол қимылдарын қолдану, дауыс ырғағын сақтау сияқты сахналық мәдениеттің негізгі ережелері ойын түрінде түсіндірілді. Балалар өзара мини-концерт ұйымдастырып, бір-бірін қолдап, сахнада өнер көрсету тәжірибесін алды. 

Нәтижесі: Өзін-өзі ұстау дағдылары, сөйлеу мәдениеті артады

Қорытынды:
 Іс-шара оқушылардың ән айтуға деген қызығушылығын оятып, сахнада сенімді болуға үйретті. Балалар белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде болды. Іс-шара өз мақсатына жетіп, тәрбиелік әрі танымдық мәні зор болды.