Ата-аналар жиналысының хаттамасы
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің
1-4 сыныптарының өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ №
Сыныбы: 1-4
Өткізілген күні: «22» желтоқсан 2025 жыл
Өткізілген уақыты: 12.30
Өткізілген орны: Конференция залы
Сынып жетекшісі: Балабекова Ж.С, Мырзахметова Н. Булантаева А. Шолпанкулова Р.
Қатысқан ата-аналар саны:
Қатыспаған ата-аналар саны: _____ (себепті / себепсіз)
Күн тәртібінде
- «Жаңа жыл» мерекелік іс-шаралар өткізу барысында заңсыз қаржы жинамау туралы түсіндірме жұмысы
- Қысқы демалыс кезіндегі бала қауіпсіздігі
3. Әр түрлі мәселелер
Жиналыс барысы:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Едилованың хабарламасы:
Бірініші мәселе бойынша ағымдағы жылдың 18 желтоқсанындағы №2249 хатының мазмұнымен таныстырып өтті.Онда жалпы білім беру ұйымдарында «Жаңа жыл» мерекелік іс-шаралар өткізу барысында (шыршаны безендіруге жаңа жылдық киім алуға, сыйлық жасауға, дастархан жасауға) тыйым салынатындығын ескертіп,осы мәселені қатаң ұстануларын талап етті. Тағы да бала қауіпсіздігін сақтау мақсатында мереке уақытында ойын-сауық орындарына, кафелерге бармауына және де үйде отырыс жасамауларын ескертті. Аталған мәселелер бойынша сынып жетекшілер ата-аналардан қол хат алды.
Екінші мәселе бойынша қысқы демалыс уақытында оқушылардың өмір қауіпсіздігіне ата-ана өз баласының қауіпсіздігіне жауапты екенін ескертілді.Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт насихат жұмыстар жүргізілді. Кешкі сағат 21.00 кейін үйде болуына және дүкен және т.б көпшілік орындарға оқушыларды жібермеуі ескертілді.
Демалыс кезінде баланың өміріне жауапкершілікті ата-ана өз мойына алады.
Отпен, электр құралдарымен ойнамау ,қауіпсіздік ережесін сақтау. Қысқы демалыста ауыл сыртындағы сырғанаққа, ата-ананың рұқсатынсыз бармауы туралы ескерттілді. 26.12.2025ж. – 08. 01.2026 ж. дейін сынып жетекшісі оқушылардың өміріне жауапты емес екендігін ескертті.
Үшінші әр түрлі мәселе бойынша оқушылардың мектеп формасы мен оқулықтарды таза ұстау, кітап, ұялы телефонды мектепке әкелмеу мәселелері қарастырылды. Балаларыңыздың сабаққа қатысуын күнделікті қадағалауын, ауырған жағдайда сынып жетекшіге ескертіп, жергілікті мекен жай бойынша дәрігерге баруын ата-ана өз жауапкершілігене алуын ескертті. Оқушыларды сабақ басталған уақытта ата-аналары оқушылардың қауіпсізгіне мұқият болу керектігі ескертілді.
Шешімі:
1. «Жаңа жыл» мерекелік іс-шараларға заңсыз қаржы жинауға тыйым салынсын;
2. Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау жүзеге асырылсын және бала қауіпсіздігі ата-анаға жүктелсін;
3. Әр түрлі мәселелер бойынша аталған жұмыстар атқарылсын.
Хатшы : Наргелова Г.Н.