"Қош келдің Жаңа жыл!" ертеңгілік » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қош келдің Жаңа жыл!" ертеңгілік
25
декабрь
2025

"Қош келдің Жаңа жыл!" ертеңгілік

     Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 1–4 сынып оқушылары арасында өткізілген «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шара туралы 

2025 жылдың 25- желтоқсанында мектептің спорт залында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» мерекесі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжымдық қарым-қатынасты нығайту және жаңа жыл дәстүрлерін дәріптеу болды.

Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар тақпақтар оқып, ән айтып, би биледі. Ертегі кейіпкерлері – Аяз ата, Ақшақар және басқа да кейіпкерлер қатысып, балалармен түрлі ойындар ойнатты. Оқушылар белсенділік танытып, қойылымдарға қызығушылықпен қатысты.

Іс-шара барысында қауіпсіздік талаптары толық сақталды. Балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, мереке мазмұны тәрбиелік мәнге ие болды. Ата-аналар мен ұстаздар тарапынан мерекелік кешке оң баға берілді.

Қорытындылай келе, «Қош келдің, Жаңа жыл!» мерекесі 1–4 сынып оқушылары үшін мазмұнды, қызықты әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шара ретінде өткізілді.


Ұйымдастырған:  Балабекова Ж.С.

Жауапты: ДТІЖО Едилова Ж.Ы.