«Дені саудың-жаны сау»
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде
2025 жылдың 05- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің жоспарына байланысты І-ТОП «Балапан STARS» Ниеталиева М. ІІ-ТОП жетешісі «Сәуле KIDS» Мырзахметова Н.Л. жоспар бойынша мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында өткізген «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында іс-шараны сәтті ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндіру, денсаулықты күту мәдениетін қалыптастыру, спортқа және дұрыс тамақтануға баулу болды.
Іс-шара барысында балалар түрлі спорттық ойындарға қатысып, денсаулыққа пайдалы әдеттер туралы бейнематериалдар көріп, сұрақ-жауап және қызықты тапсырмалар арқылы білімдерін толықтырды. Балалар белсенділік танытып, іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.