«Күдікті заттар анықталғанда жасалатын бес қадам»
2025 жылдың 9-қаңтар айында «Күдікті заттар анықталғанда жасалатын бес қадам» атты тақырыбында қауіпсіздік сабағын 3 сынып білім алушыларына сынып жетекші Балабекова Жадыра өткізді. Барлығы 16 оқушы қатысты.
Сабақтың мақсаты: балаларды анықталған күдікті заттардан сақ болуға үйрету. Бүгінгі сабақтан біз күдікті заттарды анықтаған кезде не істеу керек екені жөнінде білеміз.
Оқушылармен сәлемдесіп, жағымды мотивациялық көңіл күй орнатты.
-Суреттерден не көріп отырсыңдар? Не айтар едіңдер?
-Көшеде, автобуста, супермаркеттерде қандай да бір сөмке, пакет, қораптарды тауып алған кездерің болды ма?
-Оларды тауып алғанда сендер не істедіңдер?
-Мұндай заттар адам өміріне қауіпті болуы мүмкін бе? Қандай жағдайларда қауіпті болуы мүмкін? Оқушылар өз ойларын жеткізді.
Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=CIucCpDxhZA&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM