Шұғыл қызмет номерлері
2024 жылдың 2-қыркүйек айында «Шұғыл қызмет номерлері» атты тақырыбында қауіпсіздік сағатын 3 сынып білім алушыларына сынып жетекші Балабекова Жадыра өткізді.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға шұғыл қызмет нөмірлерін қолдануды үйрету. Адам өмірін құтқару үшін төтенше қызмет нөмірлерін есте сақтау.
Топпен жұмыс жасалды.
Оқушылармен жұппен жұмыс істеуді ұсынды.
1-оқушы – диспетчер, 2-оқушы – қиын жағдайға тап болған адам.
1-топ: өрт; 2-топ: бұзақылардың шабуылы; 3-топ: көшеде ес-түссіз жатқан адам; 4-топ: пәтердегі газ иісі; 5-топ: терең шұңқырға құлаған бала. 2 мин уақыт беріледі. Әр топ берілген тақырып бойынша дайындалып, іс- әрекеттерін, төтенше қызмет нөмірін қалай қолданғанын сынып алдында көрсетуі керек.
Әр топтың жұмысы жеке тыңдалды.
Пайдалы сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=5