«Даналық мектебі» клубы жұмысының барысы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Даналық мектебі» клубы жұмысының барысы
10
сентябрь
2024

«Даналық мектебі» клубы жұмысының барысы

Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы білім беретін орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі 


 Анықтама


2024-2025 оқу жылындағы «Даналық мектебі» клубы жұмысының барысы 


Мақсаты:  балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша

мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту,  сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту

Міндеттері:

  1. балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру; 
  2. балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
  3. балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру

Мектепішілік ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып аталар, әжелер,  ағалар,  жеңгелер,  мектептері құрылып, жоспар жасалып бекітілді. Сонымен қатар әр мектептің өзінің төрайымы мен төрағасы сайланды. «Даналық мектеп» клубы  мүшелерімен жиналыс өткізіліп жоспар таныстырылды. 2024-2025 оқу жылында мектептің өзіндік жоспарлары арқылы жұмыс жүргізілетін болады. Даналық мектепке әр тараптан өзіндік қолдау көрсетілуі қажет екені ескертілді.


Мектептің әлеуметтік педагогі:

1. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасына ата-аналарды тарту үшін педагогтер мен ата-аналармен ынтымақтастық орнатады.

2. Орталық жұмысының мақсаты мен міндеті, қызметі туралы қоғамда насихат жұмыстарын жасайды және жобаға әлеуметтік серіктестерді тартады.


Мектептің педагог-психологі

1. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметі аясында ата-аналарға психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді.

2. Орталық аясында педагогтерге ата-аналарға тренингтер, work-shop, коуч-сессиялар секілді сабақтың басқа да формаларын өтуге әдістемелік көмек көрсетеді.


Мектептің сынып жетекшісі 

1. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасына ата-аналарды қатыстыруды қамтамасыз етеді.

2. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасын жүзеге асыру үшін ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

3. Іс-шаралардың бекітілген жоспар мен сабақ кестесіне сәйкес өтуін қамтамасыз етеді. 

 

Ата аналарды қолдау балалардың жас ерекшелігіне сай білім беру курстарының бірін таңдауға сәйкес жүзеге асырылады: 

1-4 сынып оқушылары

5-9 сынып оқушылары

10-11 сынып оқушылары деп бөлінеді