Виртуалды достардан қалай сақтануға болады?
2024 жылдың 7-қазан айында «Виртуалды достардан қалай сақтануға болады?» атты тақырыбында қауіпсіздік сабағын 3 сынып білім алушыларына цифрлық сауаттылық пән мұғалімі мен сынып жетекші Балабекова Жадыраның ұйымдастыруымен өткізілді. Барлығы 16 оқушы қатысты.
Сабақтың мақсаты: балаларды әлеуметтік желілердегі қауіпсіздікке үйрету. әлеуметтік желілердегі қауіптен сақтануды үйрену.
Интернеттегі бейтаныс адам көшедегі сияқты қауіпті екенің түсіндіріп жеткізу, оларды "достарға" қоспау талап етілді.
-Қазір мен сендерге түрлі сөздер мен атауларды айтамын.
-Қандай сөздер мен атаулар сендерге таныс? Осы ойындар туралы не білесіздер? («Көк кит», «Тыныш үй», «Мені 4.20-да оятыңыз», «Құс жолы», «Киттер теңізі», U19, F57, «Жүгіру немесе өзіне өзі қол жұмсау», «Киттер жоғары қарай жүзеді»). -Бұл әлеуметтік желідегі, кіруге тыйым салынатын ойындар. «Виртуалды қауіптер» тақырыбына пиктограмма құрастырды