«Қалай өз-өзіңді қауіпсіз қорғауға болады?» қауіпсіз сабағы
2024 жылдың 23-қыркүйек айында «Қалай өз-өзіңді қауіпсіз қорғауға болады?» атты тақырыбында қауіпсіздік сағатын 3 сынып білім алушыларына сынып жетекші Балабекова Жадыра өткізді. Барлығы 16 оқушы қатысты.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Өз-өзіңді қауіпсіз қорғауға үйрену.
Балалардың қауіпсіздігі жылдан жылға өзекті мәселе болып тұр. Негізгі себептердің бірі-балалардың қазіргі заманда болып жатқан қауіп-қатерді түсінбеушіліктері, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларының болмауы. Балаларға кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы ортаның қауіпті және зиянды факторларын қалай тануға және бағалауға, олардан қорғанудың тәсілдері туралы үйде, көшеде және табиғатта төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске түсіріп, қатысушыларға өз өмірі мен денсаулықтарын қорғау туралы айтып берді. Жас оқырмандар өмір қауіпсіздігі туралы кітаптармен қызығушылықпен танысты. Кездесу соңында барлық қатысушыларға ақпараттық парақшалар табысталды.
Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/Br6NbzxTi6g?si=h3-PR84Bhvu7_HeY