Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 14 сәуір күні педагог қызметкерлерге мектеп директоры Ж.Е. Тұрсынов Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 14 сәуір күні педагог қызметкерлерге мектеп директоры Ж.Е. Тұрсынов Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары 1) адалдық ; 2) әділдік; 3) жеке тұлғаның абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу: 4) патриотизм: 5) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік: 6) кәсіби ынтымақтастық:7) үздіксіз кәсіби дамуы жайлы ,Педагог өзінің кәсіби шеберлігін,зияткерлік шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін жетілдіру керектігі туралы айта келе,Педагогикалық әдептің негізгі 19 нормаларына тоқталды. Педагогикалық әдептің негізгі принциптерін сақтайды; білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жоғары адамгершілік рухына, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;білім алушыларға Отанына - Қазақстан Республикасына құрметпен қарауды үйретеді,Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындайды; өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді,еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісін ұстанады педагог мәртебесін пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдаланудан аулақ болады; әлеуметтік желілерде тексерілмеген және (немесе) дәйексіз білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ықпал етеді; білім алушы мен тәрбиеленушінің жетістіктерінің (жетістікке жетпеуінің), оның әлеуметтік жағдайының, ата-анасының (заңды өкілдерінің) жұмыс орнының құпиялылығын қамтамасыз ету керектігі жайлы кеңірек түсіндірді.