01
апрель
2026
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде ББЖМ-ге дайындауға байланысты, 4,9-сыныптардың білім алушыларымен және педагог қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары өткізілді.
ББЖМ-ге дайындауға байланысты, 4,9-сыныптардың білім алушыларымен және педагог қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Мониторинг электронды форматта орта білім беру ұйымдарының базасында 4 және 9- сыныптарда оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығын кешенді тестілеу форматында жүзеге асырылатыны туралы,оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға және мектеп басшыларына арналған сауалнамадан өту міндетті екендігі туралы түсіндірілді.
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингілеуге дайындық барысындағы нәтижелері де қарастырылып, оқушылардың оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану бағыттары бойынша білім деңгейі сарапталды. Нәтижелер негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру,дайындық барысында тиімді әдіс түрлерін пайдалана отырып, дайындық жұмыстар жүргізу қажеттілігі атап өтілді.
Пән мұғалімдері ББЖМ-ге байланысты тест тапсырмаларын жүйелі түрде қолданып,талдаулар жүргізіп,оқушыларды дайындаудың тиімді жолдарын қарастыру жайы туралы сөз қозғады.