14
март
2025
“Komek stop Bullying” ақпараттық жүйесінің QR кодтарын ілу және түсіндіру жұмыстары туралы
Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-11 сынып білім алушыларына Буллингтің алдын алу және психологиялық көмекті қажет ететін оқушыларға дер кезінде көмек көрсету мақсатында “Komek stop Bullying” ақпараттық жүйесіне бағыттайтын QR кодтарды мектептің әртүрлі нүктелеріне іліп, оны түсіндіру жұмыстарын жүргізу.Жүйені енгізу жұмыстары жоспарға сай орындалды. Оқушыларға толық ақпарат берілді. Түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырылады.

