«Кітап – білім бұлағы» тақырыбында квест ойыны » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында квест ойыны
08
май
2026

«Кітап – білім бұлағы» тақырыбында квест ойыны

Кітап күніне орай мектепте «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында квест ойыны ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Квест ойыны барысында оқушылар екі топқа бөлініп, арнайы дайындалған маршруттық парақ бойынша әртүрлі бекеттерден өтті. Әр бекетте оқушыларға әдебиетке, кітапқа байланысты тапсырмалар ұсынылды. Атап айтқанда, қатысушылар көркем шығармалар кейіпкерлерін анықтау, жұмбақтар шешу, мақал-мәтелдерді толықтыру, логикалық сұрақтарға жауап беру және мәтіндермен жұмыс жасау сияқты тапсырмаларды орындады.
Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, тапқырлық пен ұйымшылдық көрсетті. Әр топ берілген тапсырмаларды уақытында орындап, жоғары нәтижеге жетуге тырысты. Нәтижесінде, қатысушылардың кітапқа деген қызығушылығы артып, білім деңгейлері кеңейе түсті. Жалпы, квест ойыны өз мақсатына жетіп, оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы өтті.