«Нашақорлық және зиянды әдеттерден аулақ бол» тақырыбында пікір алмасу » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Нашақорлық және зиянды әдеттерден аулақ бол» тақырыбында пікір алмасу
08
апрель
2026

«Нашақорлық және зиянды әдеттерден аулақ бол» тақырыбында пікір алмасу

2026 жылдың 7 сәуір күні көктемгі (1–30 сәуір) «Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу» айлығы аясында 9-сынып оқушыларымен «Нашақорлық және зиянды әдеттерден аулақ бол» тақырыбында пікір алмасу өткізілді. Пікір алмасуға мектеп директоры Ж.Тұрсынов пен Ж.Едилова қатысып, оқушылармен ашық әңгіме жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар зиянды әдеттердің алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, дұрыс шешім қабылдай білу дағдылары талқыланды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты. Мектеп басшылығы жасөспірімдерге өмірде дұрыс бағыт таңдап, жаман әдеттерден аулақ болудың маңызын атап өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, зиянды әдеттердің алдын алу, олардың денсаулыққа және болашаққа тигізер кері әсерін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, жауапкершілік сезімін арттыру және зиянды әрекеттерден саналы түрде бас тартуға тәрбиелеу