«Спорт нашақорлыққа қарсы!» ұранымен 5–6 сынып оқушылары арасында спорттық жарыс » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Спорт нашақорлыққа қарсы!» ұранымен 5–6 сынып оқушылары арасында спорттық жарыс
17
апрель
2026

«Спорт нашақорлыққа қарсы!» ұранымен 5–6 сынып оқушылары арасында спорттық жарыс

2026 жылдың 7 сәуір күні көктемгі (1–30 сәуір) «Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу» айлығы аясында маңызды іс-шара өтті. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі «Спорт нашақорлыққа қарсы!» ұранымен 5–6 сынып оқушылары арасында спорттық жарыс ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру болды. Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өзара ұйымшылдық пен ептіліктерін көрсете білді.
Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бойында жауапкершілік пен дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.