"Туымды көтер" акция
Мектебімізде отансүйгіштік рухты нығайту, Мемлекеттік Туға деген құрметті арттыру мақсатында «Туымды көтер» патриоттық акциясы өткізілді. Акция барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын мақтанышпен көтеріп, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Мемлекеттік Ту — тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және жарқын болашағымыздың нышаны. Осындай шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілікті арттырады