06
апрель
2026
аудандық денсаулық сақтау саласының мамандарымен кездесу
Ағымдағы жылдың сәуір айының 6 күні Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2026 жылдың 1 сәуір мен 25 мамыр аралығында Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын- алу, балаларды зорлық- зомбылықтан қорғау, суицидтің, жыныстық тиіспеушілік пен ерте жүктіліктің алдын алу екі айлығының жоспарына сәйкес және "Оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу" күзгі айлығына байланысты "Нашақорлыққа қарсымыз" тақырыбында 14–17 жастағы қыз балалар арасында санитарлық-гигиеналық сауаттылықты арттыру және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық денсаулық сақтау саласының мамандары Адешова Х.Ж., Жиембетова С.Р., Ахметова П.Н. қатысып, оқушыларға арнайы дәрістер өткізді.
Кездесу барысында қыз балаларға жеке бас тазалығы мен гигиена мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Мамандар күнделікті күтім, дұрыс тамақтану, денсаулықты сақтау, сондай-ақ жасөспірім кезеңіндегі физиологиялық өзгерістерге байланысты қажетті гигиеналық дағдылар туралы пайдалы кеңестер берді. Қыздардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, салауатты өмір салтын ұстануы керектігі ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, ерте жүктіліктің алдын алу және оның денсаулыққа, психологиялық жағдайға, әлеуметтік өмірге тигізетін кері әсерлері туралы кең көлемде ақпарат берілді. Мамандар ерте жүктіліктің ана мен бала денсаулығына қауіп төндіретінін, білім алу мен болашақ жоспарларға кедергі келтіруі мүмкін екенін түсіндіріп, мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарына тоқталды.
Дәріс барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Ашық форматта өткен кездесу қыз балалардың денсаулыққа қатысты білімдерін арттырып, өз-өзіне деген жауапкершілігін нығайтуға ықпал етті.
Осындай тәрбиелік және ағартушылық іс-шаралар жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға, олардың саналы әрі дұрыс шешім қабылдауына бағытталған маңызды қадам болып табылады.