09
апрель
2026
Елді мекендерді абаттандыру, көріктендіру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі екі айлық
Елді мекендерді абаттандыру, көріктендіру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі екі айлық барысында жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, мектеп аумағы мен оған іргелес аймақтарда сенбіліктер ұйымдастырылып, жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылды. Аула ішіндегі ескі жапырақтар мен қураған бұтақтар тазартылып, гүлзарлар ретке келтірілді. Сонымен қатар, ағаш түптері әктеліп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, жаңа көшеттер отырғызылды.
Жұмыс барысында санитарлық тазалық талаптарын сақтау басты назарда болып, барлық қатысушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Оқушылар мен ұстаздардың бірлескен еңбегінің нәтижесінде мектеп аумағы таза әрі көрікті күйге келтірілді.
Жалпы, көктемгі екі айлық аясында жүргізілген жұмыстар қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталды.