«Алғысым шексіз» челленджі » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алғысым шексіз» челленджі
27
февраль
2026

«Алғысым шексіз» челленджі

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай 8–10 сынып оқушылары арасында «Алғысым шексіз» челленджі бастау алды! 💐
Бұл күн – жүректегі ризашылықты білдіріп, жанымыздағы жандарға алғыс айтуға арналған ерекше мереке. Алғыс айту күні – мейірім мен сыйластықтың, татулық пен құрметтің символы.
«Алғысым шексіз» челленджі арқылы біз:
✨ ата-анамызға – қамқорлығы үшін,
✨ ұстаздарымызға – берген білімі мен тәрбиесі үшін,
✨ достарымызға – қолдауы мен шынайылығы үшін,
✨ Отанымызға – бейбіт аспаны мен мүмкіндіктері үшін алғыс айтамыз.
Алғыс айту – үлкен мәдениет. Жүректен шыққан жылы сөз – жанға қуат, көңілге шуақ сыйлайды.
Челленджге белсенді қатысып, шынайы алғыстарыңызды білдіруге шақырамыз!
Жақсылық жасап жарысайық, жүректерге жылу сыйлайық! 🤍