Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 10–11 сынып оқушыларына «Жеке шекара және зорлық-зомбылық: көремін, түсінемін, әр » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 10–11 сынып оқушыларына «Жеке шекара және зорлық-зомбылық: көремін, түсінемін, әр
15
октябрь
2025

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 10–11 сынып оқушыларына «Жеке шекара және зорлық-зомбылық: көремін, түсінемін, әр

2025–2026 оқу жылында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 10–11 сынып оқушыларына «Жеке шекара және зорлық-зомбылық: көремін, түсінемін, әрекет етемін» тақырыбында тренинг-сабағы өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің зорлық-зомбылықтың түрлерін дұрыс түсінуі, жеке шекараның маңыздылығын ұғынуы, өмірлік жағдаяттарды сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын дамыту және қауіпті жағдайда дұрыс әрекет ету жолдарын меңгерту болды.
Оқушылармен жылы атмосфера қалыптастырылып, жеке шекара ұғымын ашатын өмірлік оқиғалар талданды. Жасөспірімдердің түрлі жағдайларда өзін қалай сезінетіні, қолайсыздықты қалай танитыны туралы пікірлесу жүргізілді.
«Миф және шындық» жаттығуы: Оқушылар зорлық-зомбылыққа байланысты жалған түсініктер мен шынайы фактілерді ажыратты.
Ақпараттық блок: Зорлық-зомбылықтың физикалық, психологиялық, жыныстық және киберформалары, олардың белгілері мен салдары жан-жақты түсіндірілді.
«Сигналдарды тану» жаттығуы: Қатысушылар нақты жағдаяттарды талдап, «ред флаг» және «грин флаг» әрекеттерін анықтады.
«Таңдаудың үш аймағы» әдісі: Әрбір оқушы өмірлік жағдайларды жасыл (қауіпсіз), сары (күмәнді), қызыл (қауіпті) аймақтарға бөле отырып, шекара бұзылуын анықтауды үйренді.
Safe Space Lab интерактивті зертханасы: Оқушылар рөлдік ойындар арқылы «тоқта», «жоқ» деп айту, сезімін білдіру, көмек сұрау сияқты өзін қорғау дағдыларын тәжірибеде қолданды.
3. Қорытынды бөлім:
Рефлексия жүргізіліп, оқушылар сабақтан алған әсерлерімен, жаңа түсініктерімен бөлісті. Жеке шекараны қорғау әдістері талқыланып, қиын жағдайда кімнен көмек сұрауға болатыны нақты көрсетілді.