03
август
2022
Көп балалы отбасыға көмек
Ауылымыздың тұрғыны Керимкулов Нұрболат 5 баланы тәрбиелеп отырған әке. Көп балалы отбасының өз үйі болмады. Бала шағасымен олар үлкен жаңа үйді армандады. Осы арманының орындалуына ауылымыздың жастарының ұйымшылдығының арқасында көп балалы әке үлкен үйге қол жеткізді. Оған ат салысқан ауылымыздың барлық түлектері қол ұштарын беріп, үлкен баспана соғып беруге өздерінің септіктерін тигізді. Округ әкімінің ұйымдастыруымен үлкен жаңа үйдің ірге тасы қаланды. Алты ай көлемінде жомарт жандардың арқасында Нұрболат бауырымыз үйлі болды.