19
февраль
2026
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерін зерттеу.
Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш 2-4 сынып оқушыларының зейінінің тұрақтылығын, шоғырлануын, ойлауын, қабылдаудың дәлдігін анықтау, қысқа мерзімді естің көлемін тексеру мақсатында бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерін зерттеу жүргізіліп,2–4 сынып оқушыларының таным процестерін анықтауға арналған диагностикалық жұмыстар өткізілді. Жалпы алғанда, оқушылардың басым бөлігінде танымдық қабілеттері жас ерекшелігіне сай қалыптасқан.