05
май
2026
«Өмір – ең қымбат сый!» тренинг
Мектебімізде педагог-психологтың ұйымдастыруымен 6–7 сынып оқушыларымен мамыр айының 5-сі күні «Өмір – ең қымбат сый! » тақырыбында тренинг сабақ өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар өмірдің маңыздылығы, өзін-өзі құрметтеу, қиындықтарды жеңе білу және бір-біріне қолдау көрсету туралы ойларын ортаға салды. Әртүрлі психологиялық жаттығулар мен ойындар арқылы оқушылардың қызығушылығы артып, өзара сенімді қарым-қатынас қалыптасты. Тренинг соңында оқушылар өмірдің әр сәтін бағалау керектігін түсінді.


