«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары. » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары.
08
май
2025

«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары.

Сәуір – психологиялық кеңес беру айлығы және оқу жылының аяқталуына байланысты «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары. Педагог- психолог Сәуір айының психологиялық кеңес беру айлығы ретінде өтуінің маңыздылығын атап өтті. Оқу жылының аяқталуына байланысты оқушылардың психоэмоционалдық жағдайына ерекше назар аудару қажеттілігі айтылды.
Мектеп инспекторы сөз алып, сәуір айында мектеп оқушыларының психологиялық жай-күйіне назар аудару қажеттігін атап өтті. Бұл айдың негізгі мақсаты – оқушылардың эмоционалдық күйін тұрақтандыру, мектептегі ортада қолайлы жағдай жасау. Сонымен қатар оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп ішіндегі тәртіп пен қауіпсіздік шараларын күшейту керектігі айтылды.
Мектеп психологы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, сәуір айында оқушылармен жеке және топтық кеңес берулер, тренингтер, сауалнамалар ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.Сынып жетекшілер мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасар оқу жылының соңына қарай оқушылар арасында тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналармен және оқушылармен жиналыстар өткізіліп жатқанын айтты.
•Аутодеструктивті мінез-құлықтың түрлері (агрессия, өзіне зиян келтіру, суицидтік ойлар және т.б.) түсіндірілді.
•Мұндай мінез-құлықтың алдын алуда ата-аналармен, мектеп ұжымымен, құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығы айтылды.
•Жыл соңында болатын психологиялық қысым, емтихандар, ата-ана үміті секілді факторлар оқушыларға кері әсер етуі мүмкін екендігіне назар аударылды.
3.Педагог-психологтың ақпараты:
•Жүргізілген сауалнамалар нәтижелері талданды.
•Ата-аналармен жұмыс жоспары көрсетілді
•Сынып сағаттарында профилактикалық әңгімелер өткізу
•Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
•Қиын балалармен жеке жұмыс жүргізу
•Мектеп инспекторы оқушылар арасында құқықбұзушылық пен аутодеструктивті әрекеттердің алдын алу үшін жүйелі әрі кешенді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
•Барлық педагогтар мен мамандар тарапынан оқушыларға тұрақты бақылау орнату ұсынылды.
Шешімдер:
1.Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша мамандармен бірлескен жоспар құру.
2.Психологиялық кеңес беру айлығы аясында оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпараттық парақшалар тарату.
3.Тәуекел тобындағы оқушылармен жекелеген жұмыс жүргізуді жалғастыру.
4.Мамыр айының басында аралық қорытынды шығару.