Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
28
октябрь
2021

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы

АНЫҚТАМА


        2021 жылдың қазан  айының 28-і  күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. 

    Сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралық сақталынған.Дайын өнімнің сапасы сәйкес келеді. Асханалық аспаптарды дұрыс сақтап, қасықтарды, шанышқыларды жоғары қаратып қою барысы талапқа сай емес..Жуу құралдарына арналған сертификаттар болғанымен  сақтау мерзімі өтіп кеткен.

     Тоңазытқышта тауар көршілестігі сақталынған. Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераждық журналы мерзімінде толтырылған.Толық тазалау жүргізу журналы толтырылмаған. Асхананың жұмыс кестесі сақталынып,сол бойынша жұмыстар жүргізіледі. Дайындалған өнімнің органолептикалық қасиеті талапқа сәйкес келеді.Технологиялық картаға сәйкес,10 порцияны бақылап өлшеу барысында ,ешқандай қателікке жол берілмеген,Тарату жағдайы да сәйкес,асханалық аспаптар тап-таза,дұрыс орналастырылған,Тыйым салынған заттар сатылған жоқ,тамақпен байланысты емес заттар,товарлар сатылған жоқ.

     Қол жуатын раковиналарда сабын қойылған. Жуу құралдарының ,кейбір түрінің мерзімі өткен.Нан үгіндісін жинауға арналған ыдыс пен щетка ауыстырылған.Жерге тұйықтаудың резеңке кілемшелер қойылмаған. Дезинфекциялық құралдар,ілеспе құжаттар бар.

     Ауыз су бойынша уақыты  өтпеген, мерзімі,күні ауыстырылған.Асхана қызметкерінің жеке және өндірістік гигиенасы жақсы. Сапа мен қауіпсіздікті куәландыратын құжаттар бар.Тоңазытқыштардың температуралық режимін тексергенде қалыпты деңгейде екені анықталды. «Ыдыс жуу ережесі» маңдайшасы бар.Тазалау кестесі бар. 

    Қызметкердің жеке заттарын сақтауға арналған шкафтың болуы үшін ұсыныс берілді. Жинау мүкәммалы,оларды жеткілікті деңгейде таңбалауы бойынша ұсыныс берілді. Ыдыстардың қосалқы жиынтығы жеткілікті,ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелері,су жылытқыштардың жарамдылығы,су бұру жүйелерінің жарамдылығы , жылу жүйелерінің жарамдылығы,жарықтандыру жүйелерінің жарамдылығы,жалпы ас блогы үй –жайларының жай күйі сәйкес келеді.  

    Арнайы қойма қарастырылмаған,душ бөлмесі, ванна бөлмесі қарастырылмаған. Көкеністерді жәшіктерде,тауар қойғыштарда,тегендердегі таңбаланған сыйымдылықтарда сақталынған.Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.