Денсаулық негізі-дұрыс және тиімді тамақтану » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Денсаулық негізі-дұрыс және тиімді тамақтану
27
февраль
2020

Денсаулық негізі-дұрыс және тиімді тамақтану

Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінде «Мектеп асханасы» акциясына байланысты «Денсаулық негізі- дұрыс және тиімді тамақтану» тақырыбында оқушыларға тамақтану мәдениеті мен тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор екенін, тамақтануды дұрыс ұйымдастыру мен тамақтану гигиенасы жайында білімдерін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында 5-11 сынып оқушыларына және ата-аналарына мектеп медбикесі дәрістер оқып, әңгімелер жүргізді.
«Тамақтану тәртібі» туралы 1-4 сыныптарға дәріс берілсе, «Тамақтанудың негізгі ережелері» , «Тамақтану процесінің принциптері», «Тамақтану сауаттылығы» туралы 5-8 сыныптарға слайдтар, бейнекөрсетілімдер көрсетілді. Адамзат денсаулығының басты шарты – дұрыс тамақтану. Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. «Дұрыс тамақтану- әр адамның өз қолында!» деген ұран сөзбен сынып жетекшілер және тамақтандыруға жауапты мамандар сұрақ-жауап сағатын аяқтады.
Денсаулық негізі-дұрыс және тиімді тамақтану

Похожие публикации:

27 февраль 2020 Мектеп асханасы