Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде ақпан айында «Психологтялық кеңес беру» айлығында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында Меркі АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ учаскілік полиция инспекторы Дәуренбаев Бектас Бейсенбаевичпен 8-11 сынып оқушыларымен «Жасөспірім және заң» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орйда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді деп жасөспірімдерге кеңестер берілді.