Ауғаныстан Демократиялық Республикасының шығарылған күні.кездесу » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауғаныстан Демократиялық Республикасының шығарылған күні.кездесу
15
февраль
2021

Ауғаныстан Демократиялық Республикасының шығарылған күні.кездесу

15 ақпан күні Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасының шығарылған күніне орай мектепте ауылымыздың ауған соғысының ардагері Қуаныш ағаймен кездесу өткізілді. Кездесуді ДТІЖО Ж.И. Едилова ұйымдастырып өткізді. Кездесу барысында Қуаныш ағай оқушыларға ауған соғысы кезіндегі ауырда, қиын оқиғаларын, әңгімелей отырып, оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, Отанын, жерін сүюге ,еліміздің үлкен азаматы болып өсулеріне, тәртіпті, тәрбиелі болуларына шақырды.Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Сол себепті біз ешқашан ұмытпай аға, апаларымызды құрметтеп, дәріптеп отыруымыз керек.