03
февраль
2023
Д. Моудсли бойынша «Белсенділіктің, қабылдамаудың және қобалжудың өзіндік бағасы» әдістемесі
«Ақпан айы- жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық кеңес беру айлығы» аясында 1-3 ақпан күні 8-11 сынып білім алушыларының арасында тұлғаның дамуы оны тәрбиелеу және қалыптастыру мен әлеуметтендірудегі қақтығыстардың туындау себептерін және психикалық ауытқушылыққа бейім балаларды анықтау үшін диагностикалау жұмсы 8-11сынып білім алушыларының арасында Д. Моудсли бойынша «Белсенділіктің, қабылдамаудың және қобалжудың өзіндік бағасы» әдістемесі алынып,нәтиженің сапалы сараптамасы негізінде 8-11 сынып білім алушыларының арасында жалпы қатысқан 67 білім алушыда «жағдаяттық уайымдау, бірқалыпты» екендігі анықталды. 5-7 сынып білім алушыларының арасында оқушылар бойындағы қобалжу, фрустация, агрессия және ригидтілік деңгейлерін анықтау мақсатында жүргізілген «Айзенк» тестінің қорытындысы бойынша тестке қатысқан 5,6,7 сынып білім алушыларының арасында қобалжу, фрустация, агрессия, регидтілік деңгейлері анықталған жоқ. Жалпы оқушылар бойында мазасыздық деңгейі анықталған жоқ.