16
сентябрь
2022
«ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС» тақырыбында мақала
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінің педагог психологы Гульнар Жумабекқызын «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналға «ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС» тақырыбында мақала жариялап,«...Түсінгендіктің шын белгісі – «иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш», - деп араб жазушысы Абу-ль-Фарадж аль-Исфахани айтқан екен. «Жастар біздің болашағымыз» деп ұрандай отырып болашағымызды қаншалықты маңызды екендігін айтқанда, бүгінгі оқушыларымыздың жағдайы да соншалықты маңызды болмақ. Әрине бұл оқушыларымыздың сабақ үлгерімімен тікелей байланысты. Оқушыларға тақырыпты түсіндіру бір бөлек, түйсікке жеткізе түсіндіру бір бөлек екендігін ұстаздар қауымы жақсы біледі. Оқушылар деңгейлеріне қарай үлгерімі төмен және орташа, жоғары болып бөлінетіндігі белгілі. Бүгін үлгерімі төмен оқушылармен жасалатын жұмыстар жайында сөз қозғайық. Әр оқушының үлгерімі әр түрлі болғандықтан олармен әр түрлі жұмыс жасау мұғалімге қалдырылған іс. Бұл тек педогогикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да жұмыс жасау қажеттігін көрсетеді. Дәрігерлердің ауруды емдемес бұрын, шығу себептерін анықтайтындығы секілді, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасамас бұрын олардың оқуына кері әсер етіп жатқан факторларды анықтаған жөн. П.П.Борисов үлгермеушіліктің себебін айқындауда оны ірі төрт топқа бөлген: — Педагогикалық себептерге: жеке пәндердің берілуі, былтырғы білімінде қалыс қалушылықтар, келесі сыныпқа дұрыс көшірілуі; — Әлеуметтік –тұрмыстық себептер: өмір сүрудің жағымсыз жағдайы. Ата-анасының дұрыс үлгі бермеуі. «Үздік 100 автор-2022» атты ғылыми- практикалық республикалық жобаның «Үздік мақала» номинациясы бойынша І орынмен марапатталды.