Дәулетхан Дәуітбаев 2026 жылдың 16 ақпан күні Дарынды балаларға-талантты ұстаз»
Жас педагогтер-болашақ білім беру көшбасшылары
Б.Жылкелдин атындағы №30жалпы орта білім беретін мектебінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі жас маман Дәулетхан Дәуітбаев 2026 жылдың 16 ақпан күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында өткізілген «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып,шығармашылық әлеуетін танытқаны үшін «Ізденімпаз жас педагог»номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.
Педагогикалық олимпиада жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасалып,білім беру жүйесін жетілдіруге,жас педагогтердің белсенді кәсіби көзқарастарының қалыптасуына,мұғалімдердің дарынды балалармен педагогикалық білім берудің барлық деңгейлерінде қызмет етуде дайындықтың бір түрі болып табылды.