11
февраль
2021
«Үш бақытым» М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауы мұғалімдер
Меркі ауданының білім бөлімінің Б.Жылкелдин атындағы №30жалпы орта білім беретін мектебінде «Үш бақытым» М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауы мұғалімдер арасында М.Мақатаевтың шығармашылығын оқуды насихаттау,мұғалімдердің оқырмандық көзқарасын кеңейту,үміткерлердің шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылып,өткізілді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Наргелова Гүлназ мектепішілік өткізілген байқаудан бас жүлдеге ие болып ,Меркі аудандық орталық кітапханада 2021 жылдың 10-ақпан күніөткізілген М.Мақатаевтың туғанына 90жыл толуына арналған байқауға қатысып,ІІ орын иеленіп, дипломмен марапатталды