«Суицидтің өршуі - қоғамға келген қатер» » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Суицидтің өршуі - қоғамға келген қатер»
14
апрель
2022

«Суицидтің өршуі - қоғамға келген қатер»

    Байсейі Жылкелдин  атындағы №30 жалпы  орта  білім   беретін  мектебінде сәуір  айында   оқушылардың  психологиялық денсаулықты  нығайту айлығында «Суицидтің  өршуі қоғамға   келген  қатер»  тақырыбында 11 сынып  ата-аналарымен лекция  өткізілді.   Жалпы алғанда, айналасындағы адамдармен  қарым-қатынасқа түсе алмайтын,  әсіресе, аяқ астынан жалғыз қалған адам қиындыққа шыдамай, өз өмірін қиюға баруы әбден мүмкін. Яғни, суицидтік үрдістерде психологиялық факторлар жетекші орын алады.  Бала жасында ашу-ыза, үрей, әке-шеше тарапынан жазалау, жанжалдар және т.с.с. жағымсыз жайттар көп болса, бірте-бірте суицидтік мінез-құлық басқа да проблемалармен қабаттасып, теріс оқиғаларды тездетеді. Өйткені, бала жаны сезімтал, сенгіш, көңіл-күйі ауытқымалы болып ерекшеленеді. Ата-ананың, ұстаздардың осы факторларды ескеруі, дер кезінде мамандарға көрсетуі өте қажет. Өйткені, психологтар суицид жасағысы келіп жүрген адамның мұндай ахуалы, мінез-құлқы әдетте уақытша болатынын айтады. Адамдардың өзін-өзі өлтіруінің  себеп-салдары көп, соның бірі – әлеуметтік-экономикалық факторлар. Айталық, кез келген елде әлеуметтік-экономикалық жағдаят нашарлаған кезде суицид оқиғалары жиілей түседі. Мысалы, Қазақстанда 1990-жылдардағы экономикалық ауыр кезеңде 100 мың адамға шаққанда суицид жасау көрсеткіші 100-ден асып кеткен (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіші бойынша, 100 мың адамға 20 адамнан келуі – қатерлі деңгей деп анықталады). Бұл кейде қарапайым тұрғындардың биліктің, әкімшілік органдарының зорлық-зомбылығына, қысастығына  қарсылық ретінде де жасалуы ықтимал. Өткен жылы өзін-өзі өртеген жасөспірімнің оқиғасы да осындай қайшылықтың бір көрінісі.