"Әжелер сөзі - ақылдың көзі" танымдық сұхбат кеші » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Әжелер сөзі - ақылдың көзі" танымдық сұхбат кеші
17
февраль
2022

"Әжелер сөзі - ақылдың көзі" танымдық сұхбат кеші

Биылғы 2022 оқу жылында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде "Берекелі шаңырақ" ата-аналар қоғамдық кеңесі құрылып, алғашқы отырысы болып өтті. Жоспар жасалынып, бекітілді.
Қоғамдық кеңес бала тәрбиесіндегі ақсақалдар мен әжелер рөлін арттырып, әкелер мен аналардың ортақ жұмыстар жүйесін қалыптастырады. Сол себепті жоспарға сай 17 ақпан күні 5-10 сыныптар арасында ашық есік күні ұйымдастырылып өткізілді. 7 - 8 сынып оқушылары арасында "Әжелер сөзі - ақылдың көзі" атты тақырыпта тәрбиелік - танымдық сұхбат кеші өткізілді.
Мақсаты: қазақ салтындағы қыздарға қойылатын қырық жерден тиымдарды айта отырып,қыздарды қазақ қызы деген атқа лайық болуға, ақ жаулықты аналарымыздың пікірлерін тыңдату арқылы қазақ қызы осылай болу керек деген ой қалдыру, «Ана қадірі» атты бейне сюжетті көрсете отырып, болашақ аналар ретінде отбасының береке-бірлігін сақтауға,мәдениетті, көркі ақылына сай қазақ қыздарын тәрбиелеу.
Кеш өте қызықты,тартымды өткізілді. Оқушылар әжелерге сұрақтар қойып , әжелер қойылған сұрақтарға жауап беріп, тәрбиелік мағынасы бар нақыл сөздер мен әдет ғұрыптар туралы мағұламаттар берді. Өткізген сынып жетекшілер Тұрсынбек Н және Наргелова Г. өткізді.
Ұйымдастырушы: ДТЖО: Едилова Ж.Ы.