Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі Ұлттық бірыңғай тестілеу-2022ж » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі Ұлттық бірыңғай тестілеу-2022ж
20
январь
2022

Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі Ұлттық бірыңғай тестілеу-2022ж

Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі

Ұлттық бірыңғай тестілеу-2022ж

Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде17.01.2022ж күні 11-сынып білім алушыларының ата-аналарымен қашықтықтан ҰБТ-ге байланысты түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Ұлттық бірыңғай тестілеу-2022ж, 2022жылы ҰБТ форматындағы өзгерістер,тестілеудің мерзімдері,тестілеудің қатысушылары,тестілеудің қатысушылары,ҰБТ-ға өтініш беру,ҰБТ-ның форматы,тестілеу тапсырмаларының нысаны,тестілеудің уақыты мен үзілістер,тестілеуге кіргізу,ҰБТ сұрақтары бойынша интернет ресурстары туралы түсіндірілді.
Жасыбаева А.А- директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
«Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны» Түсушілер тестілеу күнін, уақытын және орнын өз бетінше таңдай алады. Бір және бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалар (ТТ) қолданылады.Тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталған соң бірден беріледіАпелляцияға мазмұны бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі.Техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу барысында беріледі.1) Тестілеу "бір тестіленуші – бір компьютер – екі камера" қағидаты бойынша өткізіледі (бұған дейін бір камера). Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді;2) Тестілеу кезінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, тестілеуді тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасалады; 3) Мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі;4) Қазақстан тарихы пәні тест тапсырмаларының құрамына контекс мәндегі тест тапсырмалар енгізілді (2021 жылы олар тек бейіндік пәндерде болды);5) Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы өзгертілді, тестілеу уақыты - 70 минут (бұрын 65 минут);Өтініштер беру мерзімі 21 қаңтарға дейін ұзартылды.Тестілеудің мерзімі: 24 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығы*20 ақпан мен 10 наурыз аралығы,1 мамыр мен 10 маусым аралығы15 – 30 шілде аралығы,10 қаңтар мен 10 ақпан аралғы1 - 31 наурыз аралығы,1 - 30 маусым аралығы10 - 20 тамыз аралығы.Ескертпе: * көрсетілген ҰБТ мерзімдері (қаңтар, маусым) өзгеруі мүмкін.ҰБТ_Қаңтар мектептің 11 (12) сынып бітірушілері;ЖОО-ға академиялық кезеңге қабылданған студенттер (шартты түрде қабылданған); ЖОО-да шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары (БББ) тобының студенттері және басқа БББ тобына ауысуға ниет білдірген студенттер;ЖОО-да басқа БББ тобында оқып, педагогикалық БББ тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар. ҰБТ_Наурыз мектептің 11 (12) сынып бітірушілері мектептің өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері (толық оқу нысаны);шетелде білім алған 11 (12) сынып бітірушілері; Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар (диаспора толық оқу нысаны); ЖОО-ға академиялық кезеңге қабылданған студенттер (шартты түрде қабылданған). ҰБТ_Маусым мектептің 11 (12) сынып бітірушілері;мектептің өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері (толық оқу нысаны),техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері (қысқартылған оқу нысаны), шетелде білім алған 11 (12) сынып бітірушілері қатыса алатыны туралы түсіндіріп айтып өтті.