10
август
2021
Парасатты отбасы байқауы
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У!!! «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» онлайн байқауы басталды.Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау,отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық,достық қарым қатынасты қалыптастыру,заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту,озат-ойлы парасатты оқушыны анықтау мақсатында «Парасатты отбасы»онлайн байқауын өткізеді.Байқауға әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын,қоғамдық іс-шараларға белсене араласатын,креативті,жаңашыл,қайырымды әрекетімен көзге түскен,ой-өрісі кең,ізденімпаз отбасылар қатыса алады.Байқау ережесі бойынша аудандық және облыстық кезеңдерден тұрады.Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық туралы ойлары және адалдықты насихаттайтын материалдар жариялауы қажет.Оған қоса,парасаттылық,адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары бейнеролик дайындап,әлеуметтік желілерге «Жамбыл- адалдық алаңы »жобалық офисін белгілеп Жамбыл адалдық алаңы хэштегімен орналастыруы шарт.Қорытындылау кезеңінде байқаудың қазылар алқасы үздік деп танылған отбасын анықтайды.Жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша жүлделі «Парасатты отбасы», «Үздік оқырман отбасы», «Интеллектуалды отбасы», «Шығармашыл отбасы», «Көптілді отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы», «Өндірістегі үздік отбасы», «Ең сауатты отбасы»номинацияланры беріледі.Облыстық байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталатынын хабарлаймыз.