08
май
2026
заңсыз ақша жинауға және бітіру іс-шараларын өткізуге жол бермеу
Мектепте 2026 жылдың 8 мамыр күні мектеп бітіруші 11-сынып түлектерімен және ата-аналарының қатысумен мектеп бітіру іс-шараларын өткізу туралы жиналыс өтті. Жиналыста мектеп директоры Ж.Е.Тұрсынов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2026 жылғы 29 сәуірдегі №106-НҚ "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға және бітіру іс-шараларын өткізуге жол бермеу жөніндегі шаралар туралы" бұйрығына сәйкес түсіндіру жұмысын жүргізді. Аталған бұйрыққа сай ата-аналар мен бітіруші түлектерге оқу жылының аяқталуына байланысты мектепте кештер, банкеттер, автокортеждер, таңды қарсы алу шаралары, алау жанында өткізілетін іс-шаралар, мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, асханаларда, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізілетін салтанатты іс-шараларға қатаң тыйым салынатындығы ескертілді. Сонымен қатар мектеп бітіру іс-шараларын өткізуге ақша жинауға жол берілмейтіндігі туралы кеңінен түсіндіру жұмысын жүргізді. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ж.Едилова бітіруші түлектерді барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып, өздерінің бос уақыттарын білімге арнауға кеңес берді.